Компания қызметкерінің жұмысына сын айтылады да, жолаушының теріс әрекеті назардан тыс қалады - SCAT басшысы

30.05.2023, 18:51
636
Компания қызметкерінің жұмысына сын айтылады да, жолаушының теріс әрекеті назардан тыс қалады - SCAT басшысы kapital.kz

SCAT әуекомпаниясының президенті Владимир Денисов қызметкерлер мен жолаушылар арасында туындап жататын жанжалдарды кешенді түрде талдау қажет деп санайды. Оның айтуынша, әуекомпания қызметкерлері жолаушылардың агрессиясы әсерінен эмоционалдық қысым көреді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері компания басшысынан «Көрсетілетін қызметтердің сапасы нашарлап бара жатқанын сезінесіз бе?» деп сұрады.

«Мен бүгін таңертең Премьер-Министр айтқан оқиғаның мән-жайын білмеймін. Оны анықтап, сіздерге ақпарат беру үшін осы алаңға қайта шығамыз. Әуежайда барлық әуекомпаниялардың өкілдері бар. Рейс кешіккен кезде біз сол әуежайда жұмыс істейтін қызметкерлеріміздің жолаушылармен үнемі байланыста болуын міндеттейміз», - деді Air Astana авиакомпаниясының президенті Питер Фостер.

Ал, SCAT әуекомпаниясының президенті Владимир Денисовтың айтуынша, қызметкерлер мен жолаушылар арасында туындайтын шиеленісті мәселелерді кешенді түрде талдау қажет.

«Авиакомпания өкілдері жарақат, соққы алып жатады. Олар жолаушылардың агрессиясынан эмоционалдық қысым көреді. Жалпы, бұл мәселе ешқашан көтерілген емес. Тек, осы жылы жолаушыларға арналған «қара тізім» енгізу туралы шешім қабылданды. Біздің қызметкерлердің нашар жұмысы туралы айтатын болсақ, неліктен жолаушылар тарапынан болатын теріс әрекеттер туралы ешкім мәселе көтермейді. Мұны кешенді талдап, қандай да бір жолын қарастыру керек шығар», - деп пікір қосты ол.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді