Биыл Еуроодақ елдеріне қуаңшылық қаупі төніп тұр

31.05.2023, 11:41
634
Биыл Еуроодақ елдеріне қуаңшылық қаупі төніп тұр smartnews.kz

Құрғақшылықтан көбіне Еуропа Одағының оңтүстіктегі елдері – Испания, Португалия мен Франция зардап шегіп отыр, ал Италияда оған қоса су тасқыны болып жатыр. Топырақтағы ылғал Балтық пен Скандинавияда да азайып кетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Еуропа күннің ысуына және қуаңшылықтың күшейетініне дайындалып жатыр. Ол елдердің ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді. Ең көп зардап шеккен Еуроодаққа мүше елдер өздеріне қаржылай көмек көрсетуді, нақтырақ айтқанда қиын кезеңде фермерлерге көмек көрсетуге арналған «Аграрлық резервтен» 450 миллион евро көлемінде қаржы бөлуді сұрап жатыр.

Осындай кезең келгенін Испания ауылшаруашылық, балық аулау және азық-түлік министрі Луис Планас Пучадес мәлімдеді:

«Биыл біз Испанияда гидрология жылы басталғалы жауын-шашын мөлшері 30%-тен астам азайғанын байқадық. Бұл жайылым жерлердегі малдарды жем-шөппен қамтамасыз етуге, қысқа арналған егінге, жаздық егінге де кері әсер етеді. Су күші азайғандықтан суару да қиын болады».

Брюссельдегі министрлік кездесуінде Франция, Италия мен Испанияның атынан Португалия ұсынған баяндама жағдайдың қиын екенін көрсетті. Сәуірдің соңында Еуроодақтың 21,6% аумағы «қуаңшылық туралы ескерту» режимінде, ал 3,2%-і «дабыл» жағдайында болды.

Жауын-шашынның болмауынан Испания мен Португалия қатты шығынға батты. Балтық пен Скандинавия елдерінде топырақтағы ылғал мөлшері әдеттегіден азайып кетті.

Испанияда 2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 25 сәуірі аралығында жауын-шашын жетіспеушілігі көлемі орташа есептен 24%-ке төмендеген, ал Францияда 101 департаменттің 26-ы жаз соңында қуаңшылыққа тап болуы мүмкін. Ол Португалияның 40%-тен астам құрлық аумағындағы ауылшаруашылығы қызметіне кері әсер етті.

Италияда қуаңшылықпен қатар су тасқыны да мал шаруашылығы, жүзім өсіру, дәнді дақылдар, жеміс-жидек өндіруге зиянын тигізіп жатыр. Сонымен қатар өзен атырауындағы ағынның азаюы салдарынан теңізден тұзды танап көтеріліп, су ауылшаруашылығы қажеті үшін жарамсыз болып қалады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды