«Сізге біреу айтып тұрған сияқты»: Аймағамбетов мектеп директорының «есебін» тоқтатып тастады (ВИДЕО)

31.05.2023, 13:45
6099
«Сізге біреу айтып тұрған сияқты»: Аймағамбетов мектеп директорының «есебін» тоқтатып тастады (ВИДЕО) Бейнежазбадан алынған

Мәжілісте мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесі жағдайына арналған "дөңгелек үстелде" күтпеген оқиға болды, - деп хабарлайды smartnews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мәселені талқылауға кіріспес бұрын, Zoom бағдарламасы арқылы өңірлерден келген ұсыныстарды тыңдау үшін сөз кезегі Теміртау қаласындағы №12 орта мектеп директоры Сәуле Қайырбекке берілді. Алайда қатысушылар ұсыныс орнына директордың мектепте атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін тыңдаған.

Дайын есепті оқымай, нақты сұраққа жауап беруді өтінгеннен кейін мектеп директоры монитордың артына қарай бастаған.

Дөңгелек үстелдің модераторы, экс-білім және ғылым министрі, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрағасы Асхат Аймағамбетов бұл мәселе "өзгенің көмегінсіз" болмағанын айтты.

"Жаныңызда біреу бар және сізге айтып тұрған сияқты. Өйткені жауап бергенде үнемі жан-жағыңызға қарайсыз. Бұнда сізге көмектескіміз келеді. Қандай жүйелі мәселелер бар? Біз соны білгіміз келеді. Сіздің мектеп қауіпсіздік агенттігімен неге келісімшарт жасады немесе жасамады? Есеп беруді талап етпейміз. Жарайды, жақсы, рақмет", – деп Аймағамбетов күліп есепті тоқтатты.

Биыл Қазақстан мектептеріндегі оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Көптеген оқу орындарында оқулықтар апта басында тапсырылды. Енді ата-аналардың айтуынша, оқушылар сабақта бос отыруға немесе мектеп күнін футбол алаңында өткізуге мәжбүр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады