Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 8,5 млрд доллар инвестиция салды

31.05.2023, 16:48
589
Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 8,5 млрд доллар инвестиция салды inform.kz

Қазақстандағы ең ірі 10 инвестор елдің бірі. Осы күнге дейін аталған мемлекет еліміздің экономикасына 8,5 млрд доллар инвестиция құйған. Толығырақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында мазмұнды әрі тұрақты саяси диалог орнаған. Көптеген өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ұқсас. Әсіресе, көпжақты дипломатияда өзара қолдау жолға қойылғанын ерекше атап өткен жөн. Сауда мен экономика саласындағы ынтымақтастық жыл санап қарқынды дамып келеді. Оңтүстік Корея - Қазақстандағы ең ірі 10 инвестордың бірі және Азия құрлығындағы ауқымы жағынан екінші сауда серіктесіміз», - деді Мұрат Нұртілеу Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Жиннің елімізге сапары барысында ұйымдастырылған брифингте.

Министрдің айтуынша, болашақта екі мемлекет те инвестиция көлемін ұлғайтуға мүдделі.

«Осы уақытқа дейін Оңтүстік Корея Республикасы Қазақстан экономикасына 8,5 млрд доллар инвестиция құйды. Былтыр бұл үрдіс жалғасып, бір жылда оның көлемі 1,5 млрд доллар болды. Бұл - екіжақты инвестициялық ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстанда көлік жасау, құрылыс, мұнай-химия, азық-түлік және тағы басқа салаларда «KIA», «Hyundai», «Lotte», «POSCO», «SK» сияқты корей бизнесінің қатысуымен 740 компания тіркелген. Олар бірлескен 28 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр», - дейді ол.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды