Биыл еліміздегі 19 университет шетелдегі этникалық қазақтарға 1 300 білім грантын ұсынады

01.06.2023, 12:51
595
Биыл еліміздегі 19 университет шетелдегі этникалық қазақтарға 1 300 білім грантын ұсынады smartnews.kz

Биыл Қазақстан азаматы емес, бірақ ұлты қазақ тұлғалар үшін еліміздің 19 жоғары оқу орны магистратура мен докторантура бағыты бойынша 1 300 грант бөледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, 2023-2024 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасында.

Құжатта жазылғанадай, ҚР азаматы емес, бірақ ұлты қазақ тұлғалар үшін еліміздің 19 жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантура бағыты бойынша білім алуына 1 300 грант берілмек. Бұған қоса, оларға тілдік дайындығын күшейту үшін отандық 8 университет 200 орын бөледі.

Ал, өзге шетел азаматтарына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы саны 50 грант (магистратура мен докторантура ) ұсынады.

Сонымен қатар, Түрік Республикасының және өзге түркітілдес елдердің талапкерлеріне Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қабырғасында білім алуы үшін тағы 200 грант берілуі мүмкін.

Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін ведомство басшысы Саясат Нұрбек қол қойып, ресми жарияланған күні күшіне енеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды