Каспий теңізінің Ақтаудағы жағалауының бір бөлігі қара түске боялды

01.06.2023, 15:13
485
Каспий теңізінің Ақтаудағы жағалауының бір бөлігі қара түске боялды Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Каспий теңізінің Ақтаудағы 4 шағынаудандағы жағалауының қара түске боялғаны көрсетілген бейнежазба тарады. Маңғыстау облыстық экология департаменті теңіз суының өзгеруіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Департамент мамандары 4 а шағынауданы теңіз жағалауының қара түске енуіне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізген.

«Аталған дерек бойынша департамент мамандары теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді. Шолу барысында аталған аумақта табиғи құбылыстар нәтижесінде жылдар бойы жиналған, өлі балдырлардың шіруі мен теңіз түбі лайының (иловые осадки) жоғары көтерілуі салдарынан теңіз түсі өзгеріске ұшырағаны анықталды», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен.

Мамандар қазір 4 а шағынауданындағы теңіз жағалауын ірі техниканың көмегімен тазалау жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімшілігіне тазалық жұмыстарын ұйымдастыруды сұрап, хат жолдады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды