Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің экс-бастығы алаяқтығы үшін сотталды

01.06.2023, 15:57
427
Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің экс-бастығы алаяқтығы үшін сотталды smartnews.kz

Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің экс-бастығы Е.Ешмұханов алаяқтығы үшін сотталды. Ол полицияда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен бірге 2 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің экс-бастығы Е.Ешмұханов биыл ұсталды. Іс материалына сүйенсек, бұрынғы полиция қызметкері Қ. Әлиев жәбірленушіні пайдаланып, Е.Ешмұхановқа пара беруге көндіреді.

Биыл 28 наурыз бен 3 сәуір күндері аралығында сотталушы Қ. Әлиев жәбірленушінің сеніміне кіріп, бірнеше рет кездеседі. Сөйтіп жәбірленушіден 450 мың теңге алып, қылмыстық қудалауды тоқтатуға уәде береді.

Ал 3 сәуір күні Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған Е.Ешмұханов әріптесі Қ.Әлиевпен жеке кездесіп, 200 мың теңгені алады. Сот отырысы кезінде сотталушылар өзіне тағылған айыпты мойындады. Сондықтан сот үкімі кезінде кінәні мойындағаны, кәмелет жасқа толмаған балалары ескерілді.

«Сот Е.Ешмұхановты айыпты деп танып, 2 млн теңге айыппұл салды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Сонымен бірге полиция полковнигі шенінен айырылды. Қ. Әлиев те айыпты деп танылды. Ол шығынды 20 есе көлемде қайтарады. Яғни, 9 млн теңге айыппұл салынды. Өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды», - деп хабарлады №2 қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады