WBA-ның жаңартылған рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны қандай

01.06.2023, 17:54
578
WBA-ның жаңартылған рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны қандай smartnews.kz

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий 12-ші, Иван Дичко 15-ші орында қалды. Осы салмақтағы WBA әлем чемпионы украиналық Александр Усик, ал үздік үштікке америкалық Деонтей Уайлдер, Конго ДР өкілі Мартин Баколе мен британдық боксшы Энтони Джошуа кіреді.

Бірінші ауыр салмақтағы Серік Мұсаділов әлі 15-ші орында. Бұл салмақтағы чемпиондық белбеу франциялық Арсен Гуламирянға тиесілі. Рейтингте кубалық Юниэль Дортикос көш бастап тұр, одан кейін ресейлік Алексей Егоров және тағы бір кубалық боксшы Майк Перес жайғасқан.

Екінші орта санатта Бек Нұрмағанбет әлі де сегізінші орында. Бұл салмақтағы абсолютті чемпион — мексикалық Сауль «Канело» Альварес, ал бірінші үштікте америкалық Деметриус Андраде, канадалық Эрик Базинян және француз боксшысы Кристиан Мбилли бар.

Сұлтан Зәуірбек осы рейтингте екінші жартылай жеңіл салмақтағы орнын өзгертіп, 10-шы орынға жайғасты. Бұл салмақтағы WBA әлем чемпионы- доминикалық Эктор Луис Гарсия. Бірінші орында - америкалық кіші Ламонт Роуч, одан кейін Грузия өкілі Отар Эраносян және ирландиялық боксшы Джоно Кэрролл.

Евгений Павлов екінші жеңіл санат рейтингінде алтыншы орынды сақтап қалды. Бірінші орында - Томоки Камеда (Жапония), екінші орында — Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан), үшінші орында — Кевин Гонсалес (Мексика). Осы санаттағы WBA Super титулв филиппиндік Марлон Тапалеске тиесілі.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)