Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады

02.06.2023, 11:54
732
Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады smartnews.kz

Қазақстанда 2023 жылы жас таланттарды мемлекеттік қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру үшін тұңғыш рет Президенттің арнайы әдеби сыйлығы беріледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

2 маусым күні жас қаламгерлермен кездесуінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов осылай деді.

Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.

"Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады. Өтінімдер 1 маусым мен 30 маусым аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады. Басты шарт - ұсынылатын жұмыстар жаңа, бұрын республикалық және халықаралық байқауларға қатыспаған болуы керек", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов атап өткендей, мұндай бастамалар отандық әдебиетті дамыту үшін ғана емес, қазақ тіліндегі мазмұн көлемін арттыру үшін де қажет.

"Әсіресе, балалар әдебиеті саласында. Театр өнеріне көңіл бөлінуде. Біздің мақсатымыз - отандық авторлардың қойылымдарын айтарлықтай көбейту. Бұл ретте жас драматургтердің үлесі зор болатынына сенімдімін", - деді министр Асхат Оралов. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды