«Mob Fest» жобасы: Еліміздің ең үздік 20 мобилографы анықталады

02.06.2023, 16:52
675
«Mob Fest» жобасы: Еліміздің ең үздік 20 мобилографы анықталады smartnews.kz

«MOB FEST» Қазақстан мобилографтары республикалық фестивалінің II кезеңіне өткен 100 қатысушы іріктелді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты daraqory.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың I кезеңі 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін онлайн режимде өтті. Фестивальге 7 524 мобилограф қатысып, байқау талабына сай, берілген тақырыптар бойынша 1 537 видео тіркелді.

Тіркелген туындылар ішінен 100 жұмыстың авторы II кезеңге жолдама алды. Алғашқы сыннан сүрінбей өткен 100 қатысушыға қорытынды кезеңде арнайы тапсырма беріледі. Олардың жұмысын медиа және кино саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалап, республикалық фестивалдің 20 жеңімпазын анықтайды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының «Mob Fest» жобасы дарынды жастарды қолдауға, креативті медиа индустрия өкілдерінің шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды