Қазақстанда 11 млн адам Instagram қолданады, 7 млн халық TikTok-та отыр

02.06.2023, 17:13
910
Қазақстанда 11 млн адам Instagram қолданады, 7 млн халық TikTok-та отыр smartnews.kz

Мәжілісте «Онлайн платформалар мен онлайн жарнама» туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Интернет пайдаланушылар жарнама контентін арнайы белгімен таңбалауға міндеттелуі мүмкін.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарына «Онлайн платформалар мен онлайн жарнама» туралы» заң жобасын таныстырған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов мәлім етті.

«Біріншіден, тұжырымдамалық ақпаратты өзектендіру. Бұл жерде әлеуметтік желілердің субъектілеріне және сол саладағы бірнеше терминге нақты анықтамалар, түсініктемелер беріледі. Екіншіден, онлайн платформа иелеріне қойылатын талаптарды қарастыру. Яғни, қазақ тіліндегі контентті модерациялау, монетизациялау, онтерфейсті қазақ тіліне аудару мәселелері. Үшіншіден, интернеттегі жарнама саласын экономикалық тұрғыда қарастыру. Төртіншіден, мазмұнға қойылатын талаптар. Енді бұл заң жобасын бірінші кезекте қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды іске асыруға онлайн платформалардағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге өз ықпалын береді деп есептейміз. Сондай-ақ, жарнама контентін орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беріледі», - деді ол.

Департамент директоры онлайн жарнаманы реттеу бағытындағы халықаралық тәжірибеге тоқталды.

«Қазіргі таңда халықаралық тәжірибедегі бір-екі мәселені атап өтсек. Германияда 2018 жылы қабылданған заң бойынша 2 миллионнан астам жазылушысы бар медиа платформар зиянды ақпаратты жоюға міндеттелген. 2022 жылдың 23 сәуірінде Еуроодаққа қатысушы елдер қабылдаған заңнама бойынша шағым беру, өтініштерді қарау, контентті модерациялау және онлайн жарнама тетіктеріне көзделген әлеуметтік желілер алгоритмдерін белгілеу көзделген», - деді Қайнар Ахметов.

Оның айтуынша, бүгінде 12 млн қазақстандық құрылғымен интернетке қол жеткізе алады.

«Интернеттің енуі - 85,9 пайыз. Қазақстандағы 13 млн 800 мың адам әлеуметтік желі пайдаланушысы болады. Бұл - Қазақстан халқының 70 пайызынан астам. Facebook желісінде 2 млн 300 мың адам, Instagram-да 11 млн 75 мың адам, TikTok-та 7 млн 26 мың қолданушы бар деген мәлімет жүр», - деді министрлік өкілі.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)