Қазақстан Германияға мұнай экспортын жылына 1,2 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр

02.06.2023, 18:44
768
Қазақстан Германияға мұнай экспортын жылына 1,2 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр smartnews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаға мұнай жеткізу бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оның айтуынша, энергетика секторы дәстүрлі түрде Қазақстанның Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылындағы негізгі бағыттардың бірі болып отыр.

«Біз энергия ресурстарын тасымалдау бағыттарын әртараптандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта Қазақстан мұнайының Еуропаға экспортының 80%-ы Каспий құбыр консорциумы арқылы жүргізіледі. Ортақ мүдделерге сүйене отырып, біз осы стратегиялық маңызды мұнай құбыры арқылы ұзақ мерзімді және тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету үшін ЕО тарапынан әрі қарай да қолдау күтеміз», - деді Президент «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде.

Президент әзербайжандық серіктестермен тығыз ынтымақтастықта Транскаспий бағытын да дамытып жатқанын еске салды.

Мысалы, биылғы қаңтар айынан бастап «Ақтау – Баку – Тбилиси – Джейхан» бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна қазақстандық мұнай жіберу басталды.

«Орта мерзімді перспективада «Ақтау – Батуми» бағыты бойынша мұнай экспортын кеңейтуді, сондай-ақ, Транскаспий бағытының құбырлары арқылы айдау көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Оған қоса, Қазақстан Германияға «Дружба» құбыры арқылы мұнай жеткізуді бастады. Жыл басынан бері 90 мың тонна көлемінде жеткізілім болды. Бұл көрсеткішті келешекте ұлғайтып, жылына 1,2 миллион тоннаға дейін жеткізу әлеуеті бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды