Соңғы 4 жылда Қазақстан шетелге 1,9 млрд доллардың көлігін экспорттады

03.06.2023, 10:14
545
Соңғы 4 жылда Қазақстан шетелге 1,9 млрд доллардың көлігін экспорттады smartnews.kz

2017-2021 жылдары Қазақстанда жасалған көліктердің экспорт 3 есе артып, 1,9 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған машина жасау саласын дамытудың 4 жылдық кешенді жоспарында жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«2017-2021 жылдары машина жасау саласында өндіріс номиналды мәнде 2,2 есеге өсіп, 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде автомобиль жасау секторына 715 млрд теңге, машина жасаудың қалған секторларына 1 671 млрд теңге тиесілі. Экспорт 3 есе артып, 1,9 млрд доллар болды. Ел экономикасындағы машина жасау саласының үлесі 1%-дан 1,5%-ға дейін, өңдеуші өнеркәсіпке 8%-дан 11%-ға дейін ұлғайды», - делінген кешенді жоспардағы қазіргі жағдайға жасалған талдау деректерінде.

Елімізде 3 мыңнан астам машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді. Оларда 115 мыңға жуық адам еңбек етіп келеді.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласының еңбек өнімділігі бір қызметкерге шаққанда 25,7 мың долларды құрады. Саланың негізгі капиталына 150 млн доллардан астам инвестиция салынды. 245 млн доллардан аса тікелей шетелдік инвестиция тартылды», - деп көрсетілген жоспар жобасында.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды