Шымкентте заңсыз құрылыстар сот шешімен сүрілетін болды

03.06.2023, 13:18
569
Шымкентте заңсыз құрылыстар сот шешімен сүрілетін болды Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Аймағамбетов шаһардағы заңсыз автожуу нысандары бойынша баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бауыржан Аймағамбетовтің айтуынша, басқарма тарапынан 36 автокөлік жуу иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

"Шаһарда құрылысты жобалық құжаттамасыз салу, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізген автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар заңсыздықтар анықталған. 2022 жылдан бері басқарма тарапынан сот органдарына 14 талап-арыз жіберілсе, қазіргі уақытта мәжбүрлеп бұзу туралы 8 талап-арыз сот шешімімен қанағаттандырылған. Ал 5 автожуу иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды", - деді Бауыржан Аймағамбетов.

Шымкент қаласының аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары бойынша шаһарда жұмыс тобы құрылған еді.

Тиісті басқармалар өз құзіреті шегінде жұмыс жүргізуде. Басқарма басшысының орынбасары құрылыс салушыларды құрылыс процесіне қойылатын барлық талапты сақтауға шақырады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды