Мұқтаж отбасынан шыққан студенттердің пәтер жалдау шығынын мемлекет өтеуі мүмкін

05.06.2023, 10:52
530
Мұқтаж отбасынан шыққан студенттердің пәтер жалдау шығынын мемлекет өтеуі мүмкін smartnews.kz

Халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан студенттердің пәтер жалдау шығындары өтелуі мүмкін. Бұл жайында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттары қатарынан басқа қаладан келген студенттердің жатақханада тұруға жұмсалатын шығынын субсидиялау мәселесі пысықталып жатыр. Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің деректері бойынша 2022-2023 оқу жылында жоғары оқу орындары мен колледждерде халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан шамамен 218,5 мың студент (ЖОО-да 168,1 мың адам, колледждерде 50,3 мың адам) оқып жүр. Осыған байланысты үш жылдық бюджетке қосымша қажеттілік шамамен 54,7 млрд теңгені (ЖОО студенттеріне – 42 млрд теңге, колледждер – 12,7 млрд теңге) құрайды», - деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар вице-премьер студенттердің пәтер жалдауға жұмсайтын шығындарын өтеу үшін Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік көмекке ең мұқтаж екі санатты анықтағанын айтады.

«Олар - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер (1 846 адам), мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар (758 адам). Үш жылдық бюджетке қажеттілік - шамамен 1,9 млрд теңге», - деді Алтай Көлгінов.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды