Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

05.06.2023, 14:25
773
Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі smartnews.kz

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Біз 2016 жылы Қазақстанда 2-4 сынып оқушылары арасында шахматты үйрету бағдарламасын бастаған болатынбыз. Алайда, пандемия кезінде бұл жобамыз сәл тоқтап қалған еді. Қазіргі таңда бұл бағдарламаны қайта бастап жатырмыз. Яғни, біз енді 1-4 сыныптар арасында шахмат ойнауды үйрететін боламыз. Қазір шахматты дамыту жол картасы дайындалып жатыр. Биыл қыркүйек айынан бастап 30-ға жуық мектепте бағдарлама пилоттық жоба ретінде басталады», - деді Гүлмира Дәулетова.

Оның сөзінше, Қазақстанда бүгінгі күні 7 мыңға жуық шахмат секциясы бар.

«Бұл шахмат секциялары мектептерде орналасқан. Қазіргі таңда Қазақстан да 200 мыңнан астам шахматшы бар. Олардың саны күн сайын өсіп келеді. Алматыда шамамен 50 мыңнан астам шахматшы бар. Біз бұл сандарды Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйеніп айтып отырмыз», - деді ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады