Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

05.06.2023, 17:43
502
Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр smartnews.kz

Бүгін елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жиынға экологтар, қаланың белсенді азаматтары, сондай-ақ қоғамдық экологиялық ұйымдар мен жалпы білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Конферецияда сөз алған Қазақстан экологиялық қорының президенті Айгүл Әбдуалиева жоба шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталды.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінде жаһандық жылыну процесі қарқын алып барады. Сонымен қатар, пластик заттарды қолдану көрсеткіші ұлғайды. Біз өзіміз тұрып жатқан планетамызды қоқысқа айналдырып жатырмыз. Сондықтан біз мұнымен күресуіміз керек. Ол үшін өзімізден және жас ұрпақтан бастауымыз қажет. Олардың санасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды», - деді Айгүл Әбдуалиева.

Оның айтуынша, қор жанынан экологиялық клуб ашылған. Онда балалар мен жасөспірімдер эко-мәдениеттің алғышарттарымен танысып, қоқысты бөліп жинау сияқты дағдыларға үйренеді. Сонымен қатар бүгінде мамандар мектеп оқушыларына арнап экология бойынша оқулық жазып жатыр.

«Қазір мектептерде экология бойынша факультатив жүргізіледі. Бұл ретте біз білім ордаларында балалар сапалы білім алуы үшін оқу материалдарын әзірлейміз. Сондай-ақ мен ғылым докторларына экология бойынша оқулық жазуды ұсындым. Қазір олар кітап әзірлеп жатыр. Біз оны пилоттық негізде Маңғыстау облысындағы барлық мектептерге енгіземіз», - деп жоспарларымен бөлісті Айгүл Әбдуалиева.

Айта кетейік, «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ұсынған мемлекеттік гранты аясында іске асырылып жатыр.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған