Маңғыстаудың табиғаты туралы мақала National Geographic Qazaqstan журналына шықты

06.06.2023, 09:13
1061
Маңғыстаудың табиғаты туралы мақала National Geographic Qazaqstan журналына шықты inform.kz

Маңғыстау табиғаты жайында баяндалған «Мың дала, Маңғаз мекен» атты мақала National Geographic Qazaqstan журналынының мұқабасына шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«National Geographic Qazaqstan журналы - Ұлттық географиялық қоғамдастықтың Қазақстандағы ресми басылымы. Халықаралық танымалдыққа ие журналдың 1 маусым күнгі кезекті санында Үстірт пен Тұзбайыр елді мекендері туралы мақала беттелді. Шетелдік туристерге тартымды өлке туралы жыл соңына дейін жұмбаққа толы, айырықша 30 жер туралы эксклюзивті түрде үш тілде арнайы жазба жарияланады. Журналдың ресми өкілдері маусым айында түбекке арнайы саяхаттап келеді. Келесі турды жалғастыру мақсатында қыркүйек айында тілшілер қасиетті мекенге тағы бір мәрте табан тірейді», - деді Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев.

Мақалада өлкенің көрікті мекендерінің бірі Тұзбайыр сорының сиқырлы бейнесі мен тылсым тарихы көркем суреттелген.

«Ғалымдардың айтуынша, 250 миллион жыл бұрын бүгінгі Маңғыстау Лавразия мен Гондвана суперконтиненттерінің арасын алып жатқан Тетис мұхитының табаны болған. Бұған осы алқапта ара-тұра табылып жататын акулалардың қаңқасы мен тістері дәлел. Кейін суы тартылған мұхит табанын жел мен жаңбыр мүжіп, борлы жартастар, құздар мен ойпаттар түзілді. Жұмсақ жыныстар шайылып үстірт, шатқалдар және жыралармен бірге Тұзбайыр соры да пайда болған деседі», - деп жазады National Geographic Qazaqstan журналы.

Сондай-ақ саяхаттан кейін National Geographic Qazaqstan журналы абыздар мен әулилер мекені болған Маңғыстаудың көрікті жерлерін таспалап, алдағы уақытта көрме ұйымдастырмақ. Бұл өңірдегі туризм саласының дамуына әсер етері анық.

photo
2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды