Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, диагоналды жолақты Абай және М.Өтемісұлы көшесінің қиылысына салу көзделіп отыр.
«Жаяу жүргіншілерге арналған диагоналды жолақты салу бірнеше проблеманы оң шешуге ықпал етеді. Біріншіден, жол-көлік оқиғасының алдын алуға септігін тигізеді. Екіншіден, қаланың аталған аумағындағы көлік кептелісін азайтады. Екі көше қиылысындағы бағдаршамдарда төрт бағыттағы автокөліктерге бір мезгілде қызыл түс жанады. Сол кезде жаяу жүргіншілер үшін жасыл түс жанып, кез келген бағытқа кедергісіз өтеді. Бұл жолақ автокөлік жүргізушілеріне де, жаяу жүргіншілерге де кедергі келтірмейді. Осыған байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтап, бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде ғана өту қажеттігін ескертеміз», -деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Диагоналды жолақтың қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз.