Австралияда төрт баласын өлтіргені үшін 20 жыл түрмеде отырған әйел ғылымның арқасында бостандыққа шықты

06.06.2023, 13:02
554
Австралияда төрт баласын өлтіргені үшін 20 жыл түрмеде отырған әйел ғылымның арқасында бостандыққа шықты ЕРА

Австралияда төрт кішкентай баласын өлтірді деген айыппен 20 жыл түрмеде отырған әйелге рақымшылық жасалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

2003 жылы сот Кэтлин Фолбигті қорғаушы тараптың айтқанына сенбей, 4 баласының бәрі түгел табиғи себептен қайтыс болуы екіталай деп санады.

Бірақ жақында ғалымдар осыны дәлелдейтін жаңа зерттеу жасап шығарды.

Алқабилер соты 10 жыл ішінде ұлдары Калеб пен Патрикті, қыздары Сара мен Лаураны өлтіргені үшін айыпты деп танып, үкім шығарған соң Кэтлин Фолбигг «Австралиядағы ең қорқынышты кісі өлтіруші» атанған.

Фолбигг 1989-1999 жылдар аралығында кішкентай төрт баласы кенеттен қайтыс болғаннан кейін қамауға алынды.

Сотта прокурорлар әйел оларды тұншықтырып өлтірді деп мәлімдеді.

Бұл ретте балалардың денесінен ешқандай буындыру ізі немесе қандай да бір жарақат туралы заттай дәлел келтірілген жоқ.

Ақыры Фолбигг жанама дәлел негізінде сотталды: ол жеке күнделігіне ана болу оңай емес екенін және балалардың өліміне өзін кінәлайтынын жазған.

Кейіннен Фолбигтің қорғаушылары бірнеше рет апелляция беріп, 2019 жылы істің қайта тергелуіне бастамашы болды, алайда бұдан еш нәтиже шықпады.

Тергеу амалдарын отставкадағы судья Том Батерст жүргізген соң істің жаңа мән-жайы анықталды.

Прокурорлардың көзқарасын өзгертуге негіз болған себеп - иммунологтар тобының тұжырымы болды.

Олар жүргізген зерттеу арқылы Фолбигтің қыздары Сара және Лаурадан жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкелетін calm 2 G114R деп аталатын жалпы генетикалық мутация анықталған.

Ал ұлдары Калеб пен Патриктен ғалымдар басқа генетикалық мутацияны тапты.

Зерттеу тобын басқарған Австралия ұлттық университетінің профессоры Карола Винуэсананың айтуынша, әлемде осы генетикалық мутациямен байланысты өлімге әкеле алатын жүрек ауруына ұшыраудың небәрі 134 оқиғасы белгілі.

Жаңа Уэльс губернаторы толық рақымшылық туралы жарлыққа қол қойып, Фолбигті дереу түрмеден босатуды бұйырды.

Австралия ғылым академиясының мәлімдемесінде бұл іс елдегі құқық жүйесін ғылымдағы прогресті ескере отырып реформалау қажеттігін көрсетеді делінген.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды