Ақтөбелік мұғалім өзі ойлап тапқан әдіспен ерекше балаларға домбыра үйретіп жүр

07.06.2023, 11:18
784
Ақтөбелік мұғалім өзі ойлап тапқан әдіспен ерекше балаларға домбыра үйретіп жүр Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласындағы музыка пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова ерекше балаларға музыкалық аспапта ойнауды үйретіп жүр. Естуінде ақауы бар қатысушылар үшін ұстаз әртүрлі түстер мен геометриялық фигуралар арқылы нота үйрету методикасын ойлап тапқан, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, педагог жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты геометриялы пішіндерге ауыстырыпты.

Оқу әдістемесінің авторлық құқығы бар және ол Берн конвенциясы арқылы бірнеше елде қорғалған.

Гүлсана Мағзымбетовадан бүгінде түрлі сырқаты бар 30 бала тәлім алып жүр. Бойындағы түрлі дерттеріне қарамай, ұлттық аспапта ойнауды меңгерген өнерпаздар қалалық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық бәйгелерде көзге түсіп келеді. Ақтөбелік ұстаздың айтуынша, бұл әдіс балалардың денсаулығына оң әсер етеді.

«Кез келген музыкалық аспапта ойнау адамның екі ми бөлігі бірден жұмыс істеуге итермелейді. Цебральді сал ауруына шалдыққан балалардың қол моторикасы жақсы дамиды. Осы әдістеме арқылы басқа да аспаптарда ойнауға болады», -дейді Гүлсана Мағзымбетова.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды