Қырғызстанда қарапайым әйел мемлекеттік төңкеріс жасай жаздады

08.06.2023, 11:41
595
Қырғызстанда қарапайым әйел мемлекеттік төңкеріс жасай жаздады smartnews.kz

Қырғызстанда  тосыннан саяси оқиғалар болып жататынына көз де, құлақ та үйренген.

Алдын-ала ұйымдасқан топ мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген хабар тарады. Ал күштік құрылымдар оның алдын алыпты, ондаған адамды ұстап қамапты. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 30-дан аса адамды ұстағаны хабарланды. Олар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікті күштеп тартып алуға дайындық жүргізген көрінеді.

Қырғызстанның ҰҚМК хабарламасынан:

«Қылмыстық топ мақсатты түрде жыл бойы елдің аумағындағы наразы азаматтарды өзінің қатарына тартумен айналысты. Мұны ұйымдастырушы және идеялық дем беруші азаматтық белсенді, «Элдик Кенеш» саяси партиясының төрайымы Роза Нұрматова. Қатарларына тартылған мемлекеттік құрылымға қарсы адамдарды идеологиялық дайындауға бағытталған кездесулер Роза Нұрматованың басшылығымен тұрақты ұйымдастырылып келді. Онда билікті күштеп тартып алу жоспарлары талқыланды».

Тергеудің мәліметінше, елдің әр өңірінен шыққан 100-ден аса адам насихатқа еріп, мемлекеттік төңкеріс жасаудың бел ортасындағы негізгі қозғаушы күш болмақ еді. Сол 100-ден астам адамға нақты міндеттер жүктелген, атқаратын рольдері де белгіленген екен. Олар өздерінің ойын іске асыруға дайын болған делінеді. Тек қоғамда қандай да бір қарсылық акциясы өтуін күтіп, соны аңдып жүрген.  Кішігірім акция туындай қалса 100 адам соны жағалап, арандатып, от үрлеп дегендей, өртке айналдырып жібермек болыпты. Жақын арада шет елден ақша келеді деп күтіп отырғандары айтылды. Ақшаны ұйымдастыру жұмыстарына және әлгі 100 адамды ақшалай көтермелеуге жұмсамақ болыпты. 

Хабарламада ұсталған 30-дан астам адамның өз пиғылдарын мойындап, көрсетпе бергендері келтірілген. Заттай айғақтар алынған. Алынған ақпараттар мен аудио және бейне-материалдардың негізінде қылмыстық іс қозғалды. 

Осынау топтың идеялық деме берушісі әрі негізгі ұйымдастырушысы Роза Нұрматова кім дегенге келсек, алып бара жатқан ештеңесі жоқ, билікті төңіректеген ортанқол шенеуніктің бірі екен. 2012 жылы қазіргі президент Садыр Жапаровты, сонымен қатар қазіргі үкімет басшысының орынбасары Камчыбек Ташиевты қолдаушылардың штабтарын басқарыпты. Садыр Жапаров ол кезде депутат еді, «Ата-Жұрт» партиясының фракциясына жетекшілік еткен кезі болатын, сол тұста рейдерлікпен де аты шыққан деп жатыр. Ал Камчыбек Ташиев та ол кезде депутат екен, «Ата-Жұрт» партиясының атынан президенттік сайлауға қатысыпты. Ал оған дейінгі кезеңде Роза Нұрматова  үкіметтің аппаратында әлеуметтік бөлімді басқарған екен. 

Мінеки, бар болғаны осы. Ойда жоқта от тұтанып кете жаздаған екен. Дер кезінде алдын алыпты. Кім білсін, Роза Нұрматова билікті қолға алғысы келді ме екен... Әлде сұраған қызметін бермей, биліктегілер мен араларынан қара мысық кесіп өткен бе... Қалай болғанда да Қырғызстан билігі бір қатерден аман қалды.

Осыған ұқсас оқиға Қырғызстанда 2019 жылы да болып еді.  Ол кезде бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылған.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстау операциясы кезінде Атамбаев қорғану үшін әдейі жергілікті тұрғындарды пайдаланды және мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп мәлімдеген. Ұстауға барған кезде Атамбаевтың резиденциясынан оқ атылып, бір сарбаз қаза болған еді. 45 адам ауруханаға түскені айтылған. Бірінші күні шамалары жетпей, ертеңіне қайта келіп тағы шабуылдаған. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарламасында Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны, оны ұстауға барардың алдында адамдарға ақша таратып, әдейі резиденциясының алдын жинағаны айтылды. Кейін Атамбаев өз еркімен берілген. Бұл тамыз айында болды.

Атамбаевтың үйінен көптеген қару табылғаны, операция кезінде ол 16 рет оқ атылғаны сөз болған.  Бұрынғы президентке  тәртіпсіздік ұйымдастыру, заңсыз қару айналымын жасау, тергеуге кедергі келтіру, адамдарды кепілге алу, адам өлтіру, адам өлтіруге талпыну сияқты жеті қылмыстық айып тағылған болатын. Ал мұның алдындағы маусым айында Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Парламент комиссиясы оны  жемқор деген тұжырым шығарған. 

«Атамбаев 500 адам жинады. Олар балалар, әйелдер және қариялар еді. Оған билікті айыптау үшін қан төгу керек болды, ол мемлекеттік төңкеріс жасайтын еді. Оның үйінен Драгунов снайперлік винтовкасы, әрқайсысының ішінде 480 патроны бар 2 темір жәшік табылған. Бұдан бөлек, 4-5 винтовка, тапанша мен тағы басқа қару-жарақтар болды», – делінген еді хабарламада.

Көршінің тыныштығынан абзал нәрсе жоқ. Роза Нұрмтованың бастамасы насырға шауып кеткенде кезекті  топалаңға ұласуы әбден мүмкін еді. Билікке жармасқан әйелдің мәселесі қалай шешілерін алдағы күндері байқармыз. Алмазбек Атамбаев оңай шағылатын жаңғақ емес екен. Түк болмағандай жүр емес пе?

Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО)