793

Түріктің лирасы тағы да арзандады

Түріктің төл ақшасы 7 пайызға арзандады. Бұл - елде 2021 жылы болған дағдарыстан бергі рекордтық минимум.

Түріктің лирасы тағы да арзандады
smartnews.kz

Лираның құнсыздануы мемлекеттік банктер шетел валютасын сатуды тоқтатқаннан кейін болып отыр. Жаңа үкімет жергілікті валюта нарығында қымбат интервенциялардан бас тартты, деп жазады qazaqstan.tv.

Неғұрлым ұтымды экономикалық саясат жүргізу қолға алынбақ.

Лира осымен 12 күн қатарынан арзандап жатыр. Соңғы бір жылда ол өз құнының үштен бірін жоғалтқан.