ШИК аясында ЦДИАӨМ бірегей ІТ-көрме ұйымдастырды

09.06.2023, 10:52
612
ШИК аясында ЦДИАӨМ бірегей ІТ-көрме ұйымдастырды astanahub.com

«Экономиканың цифрлық трансформациясы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің (бұдан әрі-ШИК) 35-ші пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Іс-шара -  Қазақстанның стартап-индустриясы өкілдері мен Шетелдік инвесторлары кеңесінің мүшелері кездесіп, нәтижелі ынтымақтастықты дамытуға бағытталған алаң.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жиын аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік, жасанды интеллект, өндіру процестерін оңтайландыру, экологиялық мониторинг және бағдарламалық қамтамасыз етуді интеграциялау бағыттары бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарда Индустрия 4.0 элементтерін енгізетін қазақстандық IT-компаниялардың қатысуымен тақырыптық бірегей IT көрме ұйымдастырды. Іс-шарада бизнес-процестерді автоматтандыру, активтерді басқару, су ресурстарының мониторингі, EdTech, электрондық оқыту, қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйелері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дербес басқару және денсаулық сақтау саласын цифрландырумен қатар, қызметі кең ауқымды салаларды қамтитын қазақстандық IT компаниялар мен мемлекеттік органдардың 49 инновациялық шешімі ұсынылды. Бұл компаниялардың іс-шараға атсалысуы шетел инвесторлары үшін цифрлық экономика саласын дамыту мен ілгерілетуге ықпал етіп, әртүрлі инновациялық шешімдер және енгізілетін қазақстандық жобалармен танысуға мүмкіндік туғызады.

ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-ші пленарлық отырысы аясындағы IT-жобалар көрмесі туралы ақпарат

Көрмеге 38 стенд қойылды:

AI, MedTech, VR, SAAS саласындағы сегіз стартап:

1. CEREBRA

2. GoatChat

3. Black Ice AI

4. Sergek Group

5. Med 365

6. ROQED

7. NEURON OIL

8. Daitan 

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға Индустрия 4.0 элементтерін енгізетін 10 IT-компания осы бағыттар бойынша жұмыс істейді: өнеркәсіптік қауіпсіздік, жасанды интеллект, өндіру процестерін оңтайландыру, экологиялық мониторинг, бағдарламалық қамтамасыз етуді интеграциялау:

1. Advanced Business Technologies (ABiTech)

2. KAZPROM AVTOMATIKA

3. Цифра Казахстан 

4. Awara IT

5. OST Engineering

6. Target AI

7. Koktem Technologies

8. СACG

9. «AG Tech» ЖШС

10. «Norsec Delta Projects» ЖШС

Екі мұнай өндіруші кәсіпорын – «Цифрлық кен орны» (Digital SmartField) технологияларын таныстыратын «Каспий Мұнай» АҚ және «Kazpetrol Group»  ЖШС.

Спорттық бағдарламалау және робототехника бойынша чемпион-балалар: 

Робототехника бойынша тоғыз команда - жасанды интеллект, роботтандыру, жаңартылатын энергия көздерін қолдану арқылы жоба әзірлейтін қазақстандық оқушылар.

Робототехника бойынша халықаралық чемпионаттардың рекордсмендері мен жүлдегерлері.

Шетел инвесторларының алты компаниясы:

1. Polpharma

2. GE Healthcare 

3. Veon

4. Microsoft

5. ERG

6. AIR Liquide

Екінші деңгейдегі банктер:

1. «Халык Банк» АҚ

2. «Freedom Bank» АҚ

3. «Каспи Банк» АҚ

Компаниялар:

1. «MyCar» ЖШС

2. «Aitas Group» ЖШС

3. EPAM

«ҰАТ» АҚ және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жобаларымен:

1. Egov.kz

2. Smart Data Ukimet

3. Minerals.gov 

4. AquaScan

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)