Алматылық онкологтар 60 жастағы науқастың бетінен үлкен ісікті алып тастады

10.06.2023, 18:06
482
Алматылық онкологтар 60 жастағы науқастың бетінен үлкен ісікті алып тастады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Алматы онкология орталығында бетінде үлкен ісігі бар 60 жастағы науқасқа ота жасалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматы онкология орталығына бетінде үлкен ісігі бар 60 жастағы пациент түскен.

Ол барлық диагностикалық зерттеулерден, оның ішінде гистологиядан өтті.

Сырқатқа «сол жақ бет терісінің 4-ші кезеңдегі қатерлі ісігі, ыдырау, ауырсыну синдромы» диагнозы қойылды.

Орталықтың онкологтары науқасқа асқан шеберлікті қажет ететін бірегей операция жасады.

Ісікті алып тастаған соң бетінде үлкен ақау пайда болды, мұрынның сол жартысы мен жоғарғы ерін, яғни, беттің сол жақ жартысы толығымен жойылды.

«Ақауды қалпына келтіру үшін үш жерден тері аламыз деп шештік. Яғни, бет терісін қалпына келтіру үшін бет артериясы мен қан тамырларының түбінде, иек аймақтарының астынан тірек-қимыл аппараты кесілді, жоғарғы ерінді қалпына келтіру үшін сол жақтағы жақ аймағының фасцио-тері жамылғысы кесілді, мұрынды қалпына келтіру үшін маңдайдан фасцио-тері жабыны кесілді. Осылайша беттің сол бөлігін қалпына келтірдік», – дейді онкохирург Саттар Аппазов.

5 сағатқа созылған ота сәтті өтіп, науқас 10-шы күні үйіне шықты.

«Онкологтар сырқат әбден мазалағанша күтпей, скринингтен уақытылы өту қажет екенін ескертеді. Себебі, ерте кезеңде анықталған ауру жақсы емделеді, кей жағдайларда оны тіпті толық емдеуге болады», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады