Алматыда Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде заңсыз жерлерде от тұтату фактілері бойынша 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

11.06.2023, 12:36
504
Алматыда Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде заңсыз жерлерде от тұтату фактілері бойынша 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды ҚР ТЖМ

Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде Алматы тауларында өрт қауіптілігінің жоғары класы жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Алматы қаласының Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД-ның барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, табиғи өрттердің алдын алу бойынша мониторинг жүргізілуде.

ТЖД Өрт қауіпті кезеңінің басынан бастап ЖПҚ, МҰТП-мен бірлесіп 45-тен астам рейд жүзеге асырылды, өрт қауіпсіздігі ережелерін 4 бұзушылықтың жолын кесіп, 4 жеке тұлға ҚР ӘҚ 367-бабы бойынша жалпы сомасы 1 380 000 айыппұл түрінде туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, табиғатты қорғау полициясы ҚР ӘҚ 505-бабы бойынша ескерту түрінде 5 толтырды.

Алматы қаласының аумағында Іле-Алатау ұлттық паркінің 20 мың 805 гектары бар. Табиғи өрттің алдын алу үшін Алматы қаласы ТЖ және полиция департаментінің қызметкерлері қатарынан мобильді топтар жұмыс істейді. Бұл қызметке орман шаруашылығы мекемелерінің ат міңген қызметкерлері қолұшын созып, еріктілер де қатысты Бұл топтар өрт туындауы ықтимал деген «ыстық» аймақтарды тексереді.  

Рейдтік іс-шаралар кезінде тепловизорлармен және құлақтандыру жүйесімен жарақтандырылған пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданылады, құлақтандыру автомобильдері қолданылады. Барлығымыз білетіндей, қала аумағында орналасқан табиғи парктердің аумақтары «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» мәртебесіне ие.

От жағу фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеміз, өйткені құрғақшылық пен ыстық ауа-райында шөп тез тұтанады, бұл өртке әкелуі мүмкін. Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын темекі тұқылын құрғақ шөпке тастамауға, бөтелкелер, сынған әйнек қалдырмауға шақырамыз, олар жанғыш линзаларға айналуы мүмкін.

Табиғатта ашық оттың жағылуына жол бермеу өте  маңызды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз.  Құрғақ шөпті әдейі өртейтін адамдар, жақын аймақты тазарту үшін  қауіп төндіреді. Мысалы, жеке ауланың иелері мен бағбандар  ыстық күннен кеуіп қалған шөп пен қоқысты өртеп жібереді", – деді қалалық департаментінде.

Қала тұрғындарына от жағу фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті. Өйткені құрғақшылық пен ыстық ауа-райында шөп тез тұтанып, өртке әкелуі мүмкін. Сондай-ақ ол оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарынан темекіні құрғақ шөпке тастамауды, бөтелке, сынған шыны қалдырмау туралы ескртті.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар бұзушылықтың сипаты мен келтірілген залалға байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды