752

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Қазақстанның көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Getty Images

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.

Елена Рыбакина 4-тен үшінші орынға көтерілді. Бұл – рекордтық нәтиже. Осыған дейін қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте мұндай сатыға көтерілген емес.

Е.Рыбакинаның алдында Польша өкілі Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенко тұр.

Сондай-ақ Юлия Путинцева 58-ден 51-сатыға жоғарылады.

Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула үздік үштікте тұрса, Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 25-тен 24-ке шықты.