Атыраулық жас шахматшы қыз әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

12.06.2023, 10:09
549
Атыраулық жас шахматшы қыз әлемнің үш дүркін чемпионы атанды prosports.kz

Атыраулық жас шахматты қыз әлемнің үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 5-11 маусымда Грузияның Батуми қаласында шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті.

«Әлемдік додаға 35 мемлекеттен 426 шахматшы қатысты. Қазақстан намысын қорғаған атыраулық жас шахматшы Зарина Нұрғалиева «рапид» және «блиц» түрінен сынға түсті. Ол ойлылар ойының «блиц» бойынша алтын медаль жеңіп алып, үшінші рет әлем чемпионы атанды. Ал, шахматтың «рапид» түрінен күміс медальға ие болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Жасөспірім шахматшы Зарина Нұрғалиеваны Атырау облысының шахматтан аға жаттықтырушысы Сабырбай Ғайсин мен FIDE және халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Жәнібек Аманов жаттықтырады.

Зарина Нұрғалиева 2019 жылы Беларусь Республикасында өткен әлем чемпионатында 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Ал 2021 жылы FIDE ұйымдастырған жылдам шахматтан әлем кубогінде қола жүлдеге ие болған.

Былтыр Румыния елінде жалауы желбіреген шахматтан әлем чемпионатында да Зарина Нұрғалиева классика санатында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында үздік ойын көрсетті. Ол 11 кезеңде 9 жинады. Оның бұл жеңісі екінші рет әлем чемпионы атануына даңғыл жол ашты.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)