«Болған жағдай үшін кешірім сұраймын» – Тоқаев

12.06.2023, 14:56
514
«Болған жағдай үшін кешірім сұраймын» – Тоқаев ҚР ТЖМ

Абай облысындағы табиғи өрттің салдарынан 14 орманшы қаза болды. Бұл үлкен қасірет.

Мұндай алапат өрт пен мұншалықты адамның қаза болуы бұрын-соңды Қазақстанда болмаған. Тіпті Абай облысындағы кешегі тұтанған өрт әлемдегі ең үлкен өрт деп тіркеліпті. Семей қаласынан 25 шақырымдағы аумаққа екі рет жай түскен көрінеді. Содан тұтанған өрт жан-жаққа тарай бастаған. Негізі өрт сөндіру қызметіндегі мамандар өрттің таралу ықтималдығын жете болжамай, есепті дұрыс құрмаған деп жатыр. Жолдың ауырлығынан өрт орнына техника кешігіп жеткен сәтте өртенген орын 20 гектарды ғана құран еді. Бірақ күннің ыстықтығы мен желдің күші өртті алып қаша келе әп-сәтте 200 гектарға жайылып кеткен. Өрт аумағына жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары эвакуацияланған. Себебі өрттің аумағы ұлғайып, алдымен 30 мың гектарға, одан асып 60 мың гектарға дейін барды. Орманшылардан хабар үзілді. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына» қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Успен, Орталық және Жернов  орманшылықтарының инспекторлары, жүргізушілері, екі өрт сөндірушісі мен екі өрт сөндіру көліктерінің жүргізушісі, бір басшысы, бір инженері, бір шеберінің мәйіттері орманнан табылды. Ішінде әкелі-балалы инспекторлар да бар.

Іс насырға шапқаннан кейін өрт аумағына техника, ұшақ, өрт сөндірушілер мен әскерилер жұмылдырылды. Өрт сөндіруге төтенше жағдай министрлігі, орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқару органдары және қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылған. Өрт басталғалы бері жанған орманның төбесінен 486 рет жалпы көлемі 1000 тоннадай су құйылды. 11-маусым күнгі ақпарда өрттің әлі 5 учаскеде сөндіріліп жатқаны айтылған.

Қазіргі уақытта өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ делінеді. Алматы қаласы, Алматы облысы төтенше жағдай департаменттерінен жіберілген күштер мен құралдар, Қарағанды мен Алматы облыстарынан екі әскери бөлімнің сарбаздары көмекке апарылған. Арнайы жіберілген жылжымалы басқару пункті қойылды. Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының қызметкерлері қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуде.

 Өрттің жайылып кетуіне жол берілуінің себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу жұмысы басталды. Негізгі кінә дер кезінде ауа-райына, желге қарап өрттің шапшу аумағын есептеп, сол есепке қарай әрекет етуге жол көрсетпеген мамандарда болып шығатын сияқты. Мұны жағаның жайлуға кеткені десе де, салғырттық десе де болады. Өрт болып жатқанда Төтенше жағдайлар министрін қызметінен тектен-текке босатпаған болар.

Өрттің кең аумаққа таралып кеткені, орманшылардың қаза болғаны, елдің көшірілгені өте ауыр, өте өкінішті жағдай. Ел президенті жиналып отырған Вьетнамға мемлекеттік сапарын жиыстырып қойып, Абай облысына ұшып барды. Ондағы ахуалмен танысты, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Мен сіздер үшін жауаптымын. Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Түсінемін, өте қиын. Асыраушыларыңыздан, әкелеріңізден, ең жақын туыстарыңыздан айырылдыңыздар. Бірақ, өкінішке орай, бұл өмірде мұндай жағдайлар болады. Болған оқиғаны ақтау мүмкін емес. Тағы да қайталап айтамын, сіздерге моральдық және материалдық көмек көрсетіледі», – деді Мемлекет басшысы. 

Қаза болғандардың отбасыларына үкімет тарапынан қолдан келген көмектің бәрі берілетін болды. Ол үшін арнайы қор да құрылады.  Ал бүгін, 12-маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. 

Бұл өрт деген Қазақстанға биылғы жылдың басынан жайсыз тиіп келеді. Қаңтар, ақпан, наурыз және сәуір айларының өзінде әр жерде тұтанған өрт жағдайлары елді есеңгіретіп жіберген. Сол төрт айда 3 133 өрт болып, 146 адам қаза болған, 1 миллиард 208 миллион 33 мың теңге материалдық нұқсан келген.

Биыл өрт Батыс Қазақстан облысында жылдағыдан 48,6 пайызға, Қостанай облысында 44,4, Жамбыл облысында 42, Атырау облысында 39,7, Абай облысында 39,6, Ұлытау облысында 36,8, Ақтөбе облысында 23,1, Алматы облысында 24,3, Жетісу өңірінде 24, Қызылорда облысында 14 пайызға көбейгені айтылды. Төрт айда жалпы техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан 185 адам қаза болған екен. Соның басым бөлігі, яғни 85,7 пайызы өндірістік және тұрмыстық өрттен болған.

Өрт – тілсіз жау. Өрт қаупінің аса жоғары болатын жаз айларында мамандарға қырағылық жетіспей жататыны осы жолы анық көрінді. Мұндай қасіретке жол беруге болмайтыны түсінікті. Абай облысындағы өрттің салдарынан қаза болғандардың отбасыларына біз де қабырғамыз қайыса отырып, көңіл айтамыз.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады