617

Өзбекстан Президенті Қазақстан халқына көңіл айтты

Өзбекстан тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. smartnews.kz сайты бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан Президенті Қазақстан халқына көңіл айтты
t.me/aqorda_resmi

Өзбекстан Президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев мерт болған азаматтардың отбасыларының қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растады және әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.