Абай облысында өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына университеттен 10 грант бөлінеді

12.06.2023, 15:02
488
Абай облысында өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына университеттен 10 грант бөлінеді smartnews.kz

Абай облысында өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына Өскемендегі университеттен 10 грант бөлінеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алапат өрттің салдарынан зардап шеккен Абай облысының тұрғындарына еліміздің түкпір-түкпіріндегі жұрт жан-жақтан көмек көрсетуде. Оның ішінде Шығыс Қазақстан халқы да көрші өңірге керек-жарақтарды жіберіп, қаржылай қолдау білдіруде. Осы ретте, Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да қалыс қалмады.

ЖОО қызыл жалын кесірінен қиын жағдайға тап болған жанұяларға материалдық көмек көрсетпек. Университеттің еңбек ұжымы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығының 14 қызметкеріне және азық-түліксіз, құжатсыз, қаражатсыз қалған жүздеген адамға бір күндік жалақыларын аударады.

«Көрші Абай облысындағы өрт – елімізге түскен ауыр салмақ. Жалпыұлттық аза. Мұндайда әр азамат шетте қалмауы тиіс деп есептейміз. Ғылыми кеңес зардап шеккен отбасылардың балаларына 10 грант беру туралы шешім қабылдады. Университет ұжымы марқұмдардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады», - дейді университет ректоры Мұхтар Төлеген.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды