Astana Hub моңғолдық технопаркпен жұмыс істеуге ниетті

12.06.2023, 17:02
736
Astana Hub моңғолдық технопаркпен жұмыс істеуге ниетті astanahub.com

9-11 маусымда Ұлан-Батырда өткен ICT Expo Mindgolia 2023 ақпараттық технологиялар мен байланыс саласындағы ірі іс-шарада Astana Hub халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев пен Моңғолия Ұлттық ақпараттық технологиялар паркінің директоры Жаргалсайханы Золзая өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Келісім стартап экожүйесін дамыту, инновациялық бағдарламаларды құру және қамтамасыз ету, инвестиция тарту және біліктілікті арттыруды көздейді.

«Біз Ұлттық ақпараттық технологиялар паркімен ынтымақтасып, екі елдің экожүйесін дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге қуаныштымыз. Моңғолиядан Fibo.cloud, Metaver және Cody сияқты бірнеше перспективалы стартаптар Silkway Accelerator және Hero Training - Astana Hub-тың Google for Startups және Draper University-мен бірлескен бағдарламаларының қатысушылары екенін атап өткім келеді. Біздің серіктестігіміздің арқасында екі ел арасындағы технологиялық кәсіпкерлік интеграциясы одан әрі нығая түсетіні анық», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Моңғолдық Fibo.cloud стартапы - Astana Hub және Draper University бірлескен алдын ала акселерация бағдарламасының нәтижелері бойынша таңдалған 20 стартаптың бірі және қазір АҚШ-тағы Кремний алқабында акселерациядан өтіп жатыр. Өткен жылы Fibo.cloud Silkway Accelerator (Astana Hub және Google for Startups бірлескен бағдарламасы) барысында Моңғолия үкіметімен қоғамдық бұлттық қызметтерге келісім-шарт жасасу және Қазақстандағы телекоммуникациялық компаниямен келісімге қол қою арқылы ай сайынғы кірісін 22 есеге арттырды.

Моңғолиядан келген тағы бір қатысушы – Metaver микрооқыту платформасы да Silkway Accelerator кезінде жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, Үндістан нарығына шықты. Cody әмбебап көп арналы сауда платформасының командасы қазір Silkway Accelerator үшінші легіне қатысып жатыр, акселератор бір айдан кейін аяқталады.

Айта кетейік, 9-11 маусымда Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен ICT Expo Mindgolia 2023 көрмесіне ІТ-саланың 100-ден астам жетекші ұйымдары, сондай-ақ ірі халықаралық технологиялық компаниялар қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы шара экологиялық тұрғыда ерекшеленеді. «Біз үлестірмелі материалдар мен баспа жарнамаларын пайдаланбай-ақ, цифрлық тақталар, шағын қолданбалар және QR-код арқылы қағазсыз көрме өткіздік», - дейді олар.

Үш күнге созылған шара барысында ресми кездесулер мен келісімдерге қол қоюмен қатар, лазерлік шоу, голограммалары бар сахна және жарық шоуы, киберспорт, скутер жарыстары, косплей шоуы, вакансиялар жәрмеңкесі, стартап презентациясы өтті.

Іс-шараның бас ұйымдастырушысы - Моңғолия Ұлттық ақпараттық технологиялар паркі, сондай-ақ Моңғолия Электрондық даму және коммуникациялар министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі іс-шараға қолдау көрсетті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды