14 жасар бала SpaceX компаниясына жұмысқа шақырылды

13.06.2023, 10:30
566
14 жасар бала SpaceX компаниясына жұмысқа шақырылды thepythonkairan

Калифорниялық 14 жастағы вундеркинд Кайран Квази Илон Масктің әлемдік интернетке арнап спутник шығаратын және оны ұшырумен айналысатын компаниясына инженер-бағдарламашы болып жұмысқа шақырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Маусым айында Кайран Квази Калифорниядағы Санта-Клара университетінің инженерлік мектебін бітіреді. Осыдан кейін ол SpaceX-тің спутниктік интернет тобына жұмысқа барады, деп жазды Los Angeles Times.

9 жасында қарапайым мектептің үшінші сыныбынан бірден университетке түскен Кайран Квази 10 жасында жұмысқа тұрмақ болған. Ол анасымен бірге жұмыс істеуге болатын компаниялардың тізімін жасап, сол компанияларға түйіндеме жіберген. Олардың хатына Intel компаниясы жауап қатыпты.

Жасөспірім түйіндемесін Илон Масктің корпорациясына биыл, сәуір айында жіберген. Көп ұзамай Instagram парақшасында суретін жариялап, сұхбатқа баратынын жазды. Бірнеше аптадан кейін ол сол компанияға жұмысқа шақырылғанын хабарлады.

"Өзім сияқты көптеген адамға есік аша аламын деген үміттемін", – дейді вундеркинд бала.

Баланың өзінің айтуынша, ол екі жасында таза с-йлес бастаған, ал тоғыз жасында мектептен жалығып кеткен соң ата-анасы Кайранды университетке жіберіпті.

Жақын арада Кайран анасымен бірге Вашингтон штатындағы Редмонд қаласына қоныс аударып, сонда жұмысқа кіріседі.

Ал Шымкенттегі сегізінші гимназияның 11-сынып оқушысы Адия Райымқұл әлемнің төрт университетінен оқуға шақырту алған болатын. Ол болашақты биоинженер және генетик болғысы келеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді