Жетісу облысында жаңа 14 спорт кешенінің құрылысы басталды

13.06.2023, 18:35
802
Жетісу облысында жаңа 14 спорт кешенінің құрылысы басталды smartnews.kz

Жыл басынан бері Жетісу облысына қарасты аймақтарда құны 8,2 млрд теңгені құрайтын спорт кешендері салынып жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, салынып жатқан 14 нысанның 11-і жыл соңына дейін қолданысқа берілмек. Облысқа қарасты Достық, Лепсі елді-мекендері мен Текелі қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, сондай-ақ Бескөл, Үлкен Шыған, Пиджім ауылдарына спорт кешендері берілмек. Ал Шанханай және Басши ауылдарында күрес залдары іске қосылса, Талдықорған, Сарқан қалалары мен Сарыөзек ауылындағы стадиондарды қайта жөндеу жұмыстары аяқталмақ. 

Осы мәселе төңірегінде бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОҚК ұйымдастыруымен Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» базасында өткен брифингісінде айта кетті.

Сонымен қатар Талдықорған қаласында волейболға арналған оқу-жаттығу спорт кешенін салу мен орталық стадионды қайта жөндеуден өткізуге қатысты жоспарлар да сараланған. Облыс әкімінің сөзінше, Ақсу ауданында 2022 жылы жеке демеушінің қолдауымен 120 орынды құрайтын спорт кешені қолдануға берілген. Ал ағымдағы жылы жеке инвесторлардың демеушілігімен жаңадан шағын отбасылық үй және үстел теннисі орталығының құрылысы басталмақ.

 

Дана Асылбекова

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)