1496

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты

Қазақстандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты
asselsadvakassova

Бұған қос ғашықтың  Instagram-дағы парақшаларында бір мезетте жарияланған видео куә бола алады. 

Видео сипаттамасында: "Осымен бітті. 13.06.2023 - біз құрған отбасының туған күні", - делінген.

Видеодан молда алдында Әсел Сәдуақасова мен сүйіктісінің неке жүзігін тағып, неке қию туралы куәлігін алғанын көруге болады.

Айта кетсек, 2023 жылы көктемде Әсел Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғаны белгілі болды. Күйеу жігіттің аты-жөні - Мағжан Тілеуханов.