IELTS және TOEFL балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды

13.06.2023, 19:16
703
IELTS және TOEFL балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды smartnews.kz

IELTS және TOEFL халықаралық стандартталған сертификаттарының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттары бар талапкерлер өз нәтижелерін «Ағылшын тілі» пәні бойынша ҰБТ балдарына ауыстыра алады.

«Бұған дейін талапкерлерге IELTS балдары 6.0-ден жоғары болса ғана, «Ағылшын тілінен» 45 балл берілетін. Алайда, көптеген талапкерде, ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгергендігін растайтын белгіленген балдан төмен IELTS сертификаттары бар болды. Сондықтан, түлектер мен сарапшы мамандардың пікірін ескере отырып, биыл ҰБТ-да нәтижесі 5.5 IELTS сертификаттарын – 41, ал 5.0 балын 37 балға ауыстыру туралы шешім қабылданды. TOEFL сертификаттарының нәтижелерін ауыстыру бойынша да дәл осындай өзгерістер енгізілді. Бұл жаңалық «Ағылшын тілін» өзінің бейіндік пәні ретінде таңдаған тест тапсырушылардың жалпы нәтижелеріне оң әсерін тигізеді деп ойлаймын», - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын ауыстыруды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жүзеге асырады.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды