Қытайда некеге тұру мен туу көрсеткіші азайды

13.06.2023, 20:53
878
Қытайда некеге тұру мен туу көрсеткіші азайды smartnews.kz

Өткен жылы Қытайда неке қиюдың ең төмен саны тіркелді, бұл жағдай бала туу көрсеткішінің төмендеуімен тұспа-тұс келіп, үкіметтің елдегі демографиялық дағдарысқа қатысты алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Қытайдың азаматтық істер министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы елде шамамен 6,83 млн жұп үйленген. Бұл 2021 жылы тіркелген 7,63 млн некеден шамамен 10,5% -ға аз және министрліктің «неке» статистикасын жариялай бастаған 1986 жылдан бері рекордтық төмен көрсеткіш.

Елде ең көп неке 2013 жылы тіркелді. Ол кезде 13 млн-нан астам қытайлық жұп үйленді. Бұл - 2022 жылмен салыстырғанда екі еседей көп.

Сондай-ақ, қытай халқының саны 2022 жылы 60 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет қысқарғаны атап өтілді. Былтыр тіркелген 1000 адамға шаққанда небәрі 6,77 туылу - 1949 жылы коммунистік Қытай құрылғаннан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Қытай шенеуніктері неке санының азаюы мен елдегі туу көрсеткішінің төмендеуі арасында тікелей байланыс бар екенін айтып отыр.

Санақ мәліметінше, 2020 жылы елдегі азаматтардың бірінші некеге тұруының орташа жасы он жыл бұрынғы 24,89 жаспен салыстырғанда 28,67 жасты құрады.

Соңғы жылдары қытайлық шенеуніктердің елдегі неке мен туу деңгейінің төмендеу тенденциясын кері бұруға бағытталған күш-жігері экономикалық және әлеуметтік проблемалар жағдайында әзірге нәтиже берген жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды