«Бесік жыры» анимациялық фильмі тағы бір халықаралық жүлдеге ие болды

14.06.2023, 09:44
705
«Бесік жыры» анимациялық фильмі тағы бір халықаралық жүлдеге ие болды inform.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен Roshani International film festival 2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Аурангабад қаласында төртінші мәрте өткен халықаралық фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен талантты кинематографистерді жинады. Биыл байқауға 1300-ге жуық жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 132-і анимациялық фильмдер. Dala animation шығармашылық ұжымы дайындаған «Бесік жыры» мультфильмі қазылардың ең жоғары бағасын алып, көрерменнің көңілінен шықты.

Туынды 2021 жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жасалды.

«Айта кету керек, бұл «Бесік жыры» анимациялық фильмінің алғашқы жүлдесі емес. Қазақстандық мультфильм мамыр айында Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алған еді. Ол байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылғанын айта кеткен жөн»,- деді ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды