Ақтөбе облысында мұнайды заңсыз өндіру ісі анықталды
2022 жылдан бері консервациялануға тиіс мұнай кенішінде заңсыз мұнай өндірумен қатар, оны өңдеу және сақтау фактісі белгілі болған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысына қарасты аумақтық департаментінің анықтауынша, мұнай өндіруші компанияның бас директорының орынбасары заңсыз мұнай өндіргені үшін қамауға алынып, сот шешіміне сәйкес оған 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.
Десе де, Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі бұл іске қатысты өзге де мәліметтер тергеу ісі аяқталғанға дейін жарияланбайтынын жеткізді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші