Жетісу облысында мотоцикл қаққан 11 жасар қыз бала мерт болды

14.06.2023, 20:57
514
Жетісу облысында мотоцикл қаққан 11 жасар қыз бала мерт болды inform.kz

Жетісу облысында баланы мотоцикл жүргізушісі қағып, мерт қылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қайғылы оқиға 14 маусымда Ескелді ауданында болды.

Ешкіөлмес ауылында 11 жасfh қыз баланы спорттық мотоцикл қағып кетті.

Жарақатпен ауруханаға түскен жәбірленуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.

«Жол-көлік оқиғасынан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де қатты зардап шекті. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және ерекше бақылауға алынды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар полицейлер осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін азаматтарды жол ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Автокөлікті/мотоциклді басқару кезінде мұқият және сақ болуды еске салады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады