548

Семей орманы оқшауланғаны белгілі болды

14 маусым күні кешкі сағат 21:00 Абай облысындағы Семей орманы өрті толықтай оқшауланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Семей орманы оқшауланғаны белгілі болды
ҚР ТЖМ

Бірнеше күнге созылған Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы тілсіз жау Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіковтың айтуынша, әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша оқшауланып үлгерген.

Естеріңізге сала кетсек, 8 маусым күні Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватында өрт болды. Жалпы көлемі 60 гектар жерді құраған өртті өшіруге шұғыл шаралар қолданылған болатын.

Әзірге өртті толықтай өшіру үшін су шашу және топырақ себу жұмыстары жалғаса бермек.

Семей орманы, өрт, Абай облысы

 

Дана Асылбекова

Материал авторы