Парижде 12 қабаттан жоғары үйлер салуға тыйым салынды

15.06.2023, 10:34
667
Парижде 12 қабаттан жоғары үйлер салуға тыйым салынды smartnews.kz

Парижде 12 қабаттан жоғары, яғни шамамен 37 метрден асатын үйлерді салуға тыйым қайта енгізілді. Пирамида формасында салынып жатқан Tour Triangle мұнарасының құрылысы көпшілік наразылығын тудырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты euronews.com-ге сілтемемен.

Маусым айында Франция астанасында «Жергілікті урбанизация жоспары» (PLU) қабылданды. Белсенділердің айтуынша, бұл жоспар экологияның сақталуына ықпал ететін болады.

Париж қалалық кеңесі жаңа ғимараттарды 12 қабаттан (37 метр) асырмау туралы шектеуді қолдап, дауыс бергенннен кейін PLU күшіне енді.

Париждің іскерлік ауданы Дефанста бірнеше зәулім ғимараттар, ал 13 және 15-ші шағынаудандарда классикалық ғимараттарға қарағанда биіктеу үйлер бар. Бірақ, қала орталығындағы нысандар биік емес.

1973 жылы құрылысы аяқталған 209 метрлік Монпарнас мұнарасына қатысты халық сын білдірді. Кейін, 1977 жылы қала аудандарында 37 метрден жоғары үйлер салуға тыйым салынды. Бұл шектеу 2010 жылға дейін қолданыста болды, сол жылдан бастап қаланың бұрынғы мэрі Бертран Деланоэ Парижде 180 метрлік кеңселер және 50 метрлік тұрғын үйлер салуға рұқсат етті.

Қазір салынған тыйым мэр Анн Идальгоның атмосфераға көмірқышқыл газын шығаруды азайту бағдарламасы аясында енгізілді. Бұл шешімнің тағы бір себебі – дау тудырған пирамида тәрізді салынып жатқан Tour Triangle мұнарасы. Құрылыс 2021 жылы басталып, 2026 жылы аяқталуы тиіс еді. Бірақ, түрлі заңды тұрғыдағы және жоспарлау барысындағы дауларға байланысты құрылыс 12 жылға шегерілді. Tour Triangle құрылысы аяқталса, қаладағы биіктігі бойынша үшінші ғимарат болмақ. Онда қонақүй мен кеңселер, дүкендер мен дәмханалар болады.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды