Маңғыстаудағы өртті бір аптадан бері сөндіру мүмкін болмай жатыр

15.06.2023, 13:51
572
Маңғыстаудағы өртті бір аптадан бері сөндіру мүмкін болмай жатыр видеодан алынған кадр

Қаратұрын мұнай-газ кен орнында болып жатқан өртті өшіруге мамандар қауқарсыз боп отыр, деп smartnews.kz хабарлайды.

«Бозащы Мұнай» ЖШС кәсіпорнына қарасты Оңтүстік Қаратұрын мұнай-газ кен орнында 9 маусым күні бұрғылау кезінде апат орын алды. Өртті сөндіру үшін бас геолог Александр Касьяненко ұңғыма кратерін ауыр бұрғылау ерітіндісімен толтыру қажет немесе қосымша тағы бір бүйірлік ұңғыма қазу керегін айтқан болатын. Десе де бұрғылау жарылған сәтте оны су шашып, не қосымша ұңғыма қазу арқылы сөндіру бұрғылаудың атылуына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан жергілікті геолог, мұнайшы мамандар өрттің өзі сөнгенін күту керегін айтқан болатын.

Өрттің өзі сөнуін күту қате шешім екендігін 13 маусым күні өртті ауыздықтауға арналған ведомствоаралық кеңеске қатысқан сала ардагері Балтабек Қуандықов мүмкін емес екенін жеткізді.

– Бізде газ қысымын төмендеп, өрттің өзі сөнгенше күтетін уақыт жоқ. Өртті сөндіру шараларының алгоритмі шұғыл түрде жасалуы керек. Барлық жауапты тұлғалардың қосылуы қажет. Қаржыландырудың қажетті көлемі мен материалдық-техникалық база тізбегі көрсетілуі тиіс, – деген пікір білдірді.

Дәл қазір Қаратұрындағы жағдай біртіндеп ушығып барады. Ұңғыма аумағына табиғатты ластайтын заттар табылып жатыр. Аумақтағы топырақ пен ауа сынамасын талдаудан өткізген мамандардың айтуынша қоршаған ортаны ластаушы заттардың құрамынан метан мөлшерден тыс деңгейде табылған. Ал метан газы климаттың өзгеруіне кері әсер ететін газ түрі.

Әзірге өртті тезірек ауыздықтандыру үшін өңірде шаралар қолданылып жатыр.

 

Дана Асылбекова

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді