Жыл басынан бері 7 әскери қызметші мен 2 курсант суицид жасаған

15.06.2023, 15:33
563
Жыл басынан бері 7 әскери қызметші мен 2 курсант суицид жасаған smartnews.kz

Жыл басталғалы әскерде 9 суицид жасау фактісі тіркелді. Толығырақ Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Биыл келісімшарт бойынша жұмыс істеген 7 әскери қызметкер өз-өзіне қол салды. Өкінішке қарай, одан бөлек 2 курсант суицид жасады. Олар әскери институтта құрлық әскерлері мен радиоэлектроника және байланыс мамандығында оқыды. Біреуі демалыста жүргенде мерт болды, себеп - махаббат. Ал екіншісі ата-анасымен түсініспеушіліктен суицид жасаған. Біреуі бесінші курста, екіншісі бірінші курста оқып жатты», - деді Сұлтан Қамалетдинов Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, вице-министр әскердегі суицидке кім жауапты деген сауалға пікір білдірді.

«Бұл жерде әр суицидтік жағдайды бөлек қарау керек. Отбасылық-тұрмыстық, қаржылық проблемалардың салдарынан жасалған суицид негізінен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлер арасында болады. Бұл жерде командирлердің кінәсі жоқ. Ал әскери міндетін өтеуші сарбаздар үшін командирлер толық жауапты», - дейді министрдің орынбасары.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді