Алматы тауларындағы сел жағдайы құтқарушылардың бақылауында

15.06.2023, 19:45
625
Алматы тауларындағы сел жағдайы құтқарушылардың бақылауында ТЖД

Сел қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты және жоғары температуралық фон аясында Алматы тауларында мореналық көлдерді бақылау және мониторинг жасау үшін Қазселденқорғаудың 7 биік таулы маусымдық гидропосты ашылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Авиациялық қолдау Алматы қаласының әкімдігімен ұсынылды.Сел қаупі бар кезеңде барлығы 19 бекет жұмыс істейтін болады, оның 9-ы жыл бойы жұмыс істеуде.

Алматы қаласының маңында 51 мореналық көл бар, осы жазда олардың ішіндегі 6 аса қауіпті көлде босату жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда мореналық көлдердің толуы байқалуда, бірақ олардағы су деңгейі шектік белгілерге жеткен жоқ, көлдің салалары байқалмайды. Көлдерді судан босату және эвакуациялық арналарды тереңдету, қосымша сифонды құбырларды орнату және монтаждау бойынша алдын алу жұмыстарын ағымдағы жылдың 20 маусымынан кейін бастау жоспарлануда.

Сонымен қатар сел қаупі мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің (АСМ) 31 станциясының көмегімен мореналық көлдерінің серпінділігін бағалауға және нақты уақыт режимінде гидрометеорологиялық жағдайды қашықтықтан бақылауға болады. Бұл жүйе сел қаупі бар кезеңдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада. 

Жалпы маусым-қыркүйек айлары аралығында қаладағы сел ахуалы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және «Қазселденқорғау» мекемесінің ерекше бақылауында болады.

Ақбота Керімбекова Қытайға барып, 7 айдан бері көрмеген ұлымен қауышты Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жазасын алмақ «Әйел де жетісіп тұрған жоқ»: Ырысбала Икрамбай актер Шәріп Серікті жақтады Оралдық қыз кездесуге арнайы ұшып келген италианды «лақтырып кеткен» Қырғызстан мешіт салуға шектеу енгізбек Ақтаулық қария тойда қонақтардың телефонын ұрлаған Теміртауда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін өзгертті «Жүкті болып қалғанда жігітім тастап кетті»: Аида Кауменова некесіз бала туғанын айтты «2 млн теңгеге сөмке аламын»: Маржан Арапбаева брендке қатты қызығатынын айтты «Ұзын етекті көйлектер ұнамайды»: Баян Мақсатқызының жаңа образы қызу талқыға түсті Болашаққа мүмкіндік: «Самұрық-Қазына» 170-тен астам жаңаөзендік жасқа қолдау көрсетті Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді Қарағандылық бас тергеуші қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған Алматыда ер адам әйелді темір сойылмен ұрған (ВИДЕО) Астанаға әйгілі Дженнифер Лопес келеді Еліміздің су қоймаларындағы бүгінгі жағдай қалай? «Әже» кітабының тұсауы кесілді «Жаңбыр, найзағай»: 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ресей үшін соғысқан қазақстандықтар Украинада тұтқын боп отыр