Мобилография бойынша «MOB FEST» республикалық фестивалінің 20 жеңімпазы Нью-Йорк кино академиясында тағылымдамадан өтеді

15.06.2023, 20:52
643
Мобилография бойынша «MOB FEST» республикалық фестивалінің 20 жеңімпазы Нью-Йорк кино академиясында тағылымдамадан өтеді shutterstock.com

Мобилография бойынша «MOB FEST» республикалық фестивалінің 20 жеңімпазы Нью-Йорк кино академиясында тағылымдамадан өтеді.

Мұндай мүмкіндік Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры мен Нью-Йорк кино өнері академиясының (New York Film Academy) арасындағы Меморандум аясында туып отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Меморандумға ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев пен Лос-Анджелестегі Нью Йорк кино академиясы кампусының деканы Дэн Маклер қол қойды.

New York Film Academy іргесіндегі тағылымдама барысында «MOB FEST» жеңімпаздары режиссура, бейнемонтаж, сценарий жазу бағдарламалары бойынша бір апталық оқу курсынан өтеді.

Байқаудың І кезеңінде 100 үздік қатысушы іріктеліп алынды. Қорытынды кезеңге өткен олар енді ақтық сында бақ сынайды. Байқау нәтижесінде топ жарған 20 жұмыс авторы АҚШ-та тағылымдамадан өтеді. Сондай-ақ 40 жеңімпаз ақшалай сыйлықпен марапатталса, 40 қатысушыға «Мобилография PRO» курсын онлайн оқуға мүмкіндік беріледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры талантты жастарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және Қазақстандағы креативті индустрияны дамытуға бағытталған.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды