Алматыда құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін

16.06.2023, 17:40
583
Алматыда құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін smartnews.kz

Алматы қаласының әкімдігі қала аумағындағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату тәртібін айқындайтын Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы міндетін атқарушы Еркебұлан Сембаевтың сөзінше, ереже жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарнамалық құрылымдарға қойылатын талаптарды белгілеуге, қала орталығын тазартуға, жарнаманы қаланың айналасында біркелкі таратуға, стихиялы жарнама мен үлкен форматты құрылымның үлесін азайту арқылы қала келбетін жақсартуға бағытталған.

"Сонымен қатар сыртқы (көрнекі) жарнаманың кескіндерін орналастыру тәртібін айқындайтын Сыртқы (көрнекі) жарнаманың суреттерін орналастыру қағидалары әзірленіп, бекітілді", - деді ол.

Бұл ережелер құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салатын ережені қамтыды. Өкінішке қарай, ҚР Әділет министрлігі төменгі нормативтік құқықтық акт заңнамалық актіге («Жарнама туралы» ҚР Заңы) қайшы келмейтінін алға тартып, алты ай бойы бұл норманы бекітуден бас тартты.

"Осы айтылғандарға байланысты Алматы қаласының әкімдігі "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" ҚР  Заңына ойын бизнесін жарнамалауға тыйым салуды енгізу бойынша одан әрі шаралар қабылдап жатыр, - деді Еркебұлан Сембаев.

2023 жылдың 12 сәуірінде қазақстандықтар үш жылда құмар ойындарға триллион теңгеден астам ақша жұмсағаны хабарланды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Руслан Берденов премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутат сауалында айтты.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды