Қазақстандағы автокөліктердің 61 проценті Қостанай облысында жасалады

16.06.2023, 18:36
576
Қазақстандағы автокөліктердің 61 проценті Қостанай облысында жасалады smartnews.kz

Жыл басынан бері Қостанай облысында 35 мыңнан астам автомобиль құрастырылды және 7,1 мың көлік экспортқа жіберілді. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Машина жасауда шығарылатын жеңіл автомобильдер модельдерінің желісі кеңейтіліп келеді. Республикада өндірілген барлық автокөліктің 61 проценті Қостанай облысында құрастырылған. Жыл басынан бері 35 мыңнан астам автомобиль құрастырылды, оның ішінде экспортқа жіберілгені – 7,1 мың көлік», - деді Қ. Ақсақалов елордада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, машина жасау саласында жаңа жобалар да іске асырылып келеді.

«Мысалы, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қуаттылығы жылына 30 мың көлік болатын, құны 23,4 млрд теңгеге жететін «Chevrolet Onix» автомобильдерін шағын тораптық өндіру жобасы бойынша белсенді жұмыс істеуде. Ол 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді өңір әкімі.

Сонымен бірге, облыстағы Индустриалды аймақта трактор кабиналарын шығаратын зауыт іске қосылады.

Оған қоса, арнайы шынжыр табанды техника шығаратын зауыт құрылысын бастау жоспарланған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды