Шымкентте қызметкері токқа түсіп қайтыс болған дәмхана иесіне сот үкімі шықты

16.06.2023, 19:45
449
Шымкентте қызметкері токқа түсіп қайтыс болған дәмхана иесіне сот үкімі шықты smartnews.kz

Шымкентте қызметкері токқа түсіп қайтыс болған тамақтану орталығының иесіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға өткен жылдың шілде айында болған. Тамақтану орталығындағы ас үйді жинап жүрген есепшінің көмекшісін электр тогы соққан. Соның салдарынан кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қайтыс болды. Қауіпсіздік техникасының сақталмауы, өнеркәсіптік санитария мен еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларының орындалмауы абайсызда адам өліміне әкеп соқты.

Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы және Көші-қон басқармасының қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде жұмыс берушінің кінәсі 100%, ал жұмысшының кінәсі 0% екендігі анықталған.

Сот үкімімен тамақтану орталығының иесіне ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен 1 жыл 5 ай 18 күн бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сай, сотталушы 2022 жылғы 25 қыркүйектен 2023 жылғы 12 маусым аралығында күзетпен ұстауда болған уақыты қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылды. Жаза мерзімінің өтелуіне байланысты ол жазаны өтеуден босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)