1084

"Қазақтың атын әлемге танытсын дедік". Айнұр Тұрсынбаева немерелі болды

Бүгіндері Түркияда тұрып жатқан айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немерелі болып, әже атанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"Қазақтың атын әлемге танытсын дедік". Айнұр Тұрсынбаева немерелі болды
aidyn_nury

Сүйінші хабармен Айнұр Тұрсынбаеваның өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Ал сүйінші! Кеше ғана үйленген Беклан мен Мәдинам бүгін ата-ана атанды! Толғақ 40 сағатқа созылды... Алланың шексіз мейірімімен бүгін таңғы сағат 4.25-те Әлем Бекланұлы дүниеге келді! Қазақтың атын әлемге танытатын мықты ұлдардың қатарында болсын дедік... Барлықтарыңызға жұғысты болсын", - деп жазды ол.